Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент каласы денсаулык сактау баскармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық “МКҚҚ , Шымкент қалалық «Психикалық денсаулық орталығы» мекемелерімен бірлесіп «Сайрам» медициналық колледжінде, жастар арасында АИТВ -ЖИТС пен нашақорлықтың алдын алу бағытында кездесу өтті. Шымкент каласы денсаулык сактау баскармасынын «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық “МКҚҚ Эпидемиолог дәрігері - Абдиева Фатима Тыныштыкбаевнаның сөзі: «Адам ағзасына вирустын (АИТВ) енуі - адам ағзасын аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммун жүйесінің бұзылуына және әлсіреуіне әкеліп, иммундық жүйенің жасушаларын зақымдайды, нәтижесінде оның қызметі қысымға тап болады да ЖИТС — жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы дами бастайды.
Сонымен бірге адамдар арасында «Стигма және кемсітушіліктер» болдырмау және жыныстық қатынасқа дейінгі, кейінгі профилактикалық шаралар бойынша айтылды.
Мақала авторы дәрігер эпидемиолог: Ф.Т. Абдиева

