? Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.
?️ Кездесудің мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу.
Аталмыш кездесуге Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Аитов Руслан, Шымкент қаласының Олимпиада резервін даярлау орталығы директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Ертай Айнұр, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-нарколог Қорғанбаева Қарлығаш, Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Манабаева