2021 жылдың 03 желтоқсанында “Шымкент Қалалық Балалар Кітапханасы” мекемесі тәрбие ісі жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының “ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы” МКҚК-ның маманы Н.Жүргенбаева қатысуымен мектеп білім алушылары үшін “АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу” тақырыбында семинар өтті.
Күн тәртібінде қаралды:
АИТВ-ның әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдай
АИТВ, ЖИТС туралы түсінік
АИТВ-ны алдын-алу жолдары
Анти Ретровирусты терапияның мақсаты
АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау
Өткізілген семинар барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.