Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК бірлесіп 02.10.2026ж. Орталық Азия Инновациялық Университет студенттері арасында АИТВ және нашақорлықтың зияндылығын насихаттау мақсатында семинар өткізілді. Семинарға Психикалық денсаулық сақтау орталығының маманы және «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі А.Джарасбайдың қатысуымен өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында АИТВ инфекциясын алдын алу, нашақорлықтың зияндылығын түсіндіру және денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау.
АИТВ-мен өмір сүретіндерді кемсіту мен таңбалаудан қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

