2022 жылы 02 наурыз күні ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманы №119 мектеп оқушылары үшін «АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.
Күн тәртібінде қаралды:
• АИТВ инфекциясының әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдайы
• АИТВ инфекциясы мен ЖИТС туралы түсінік
• АИТВ инфекцияның алдын-алу жолдары
• Анти Ретровирусты терапияның мақсаты
• АИТВ – мен өмір сүретің немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдардың әлеуметтік қорғауы.
Дәріс барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру жұмыстары ұйымдастырылды.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.