Шымкент қалалық «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсты күрес жөніндегі орталық» МКҚК-ның мамандары Шымкент қаласындағы «Север» сауда орталығында халық арасында кездесу, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Профилактикалық жұмыстар бөлімінің мамандарының ұйымдастыруымен өткізілген шарада сауда орталығына келушілер көптеп тартылды. Шараның мақсаты халықтың арасында адамның иммундық тапшылығы вирусы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша ақпарат берілді, жадынамалық парақшалар таратылды.

