ГККП «Центр по профилактике и борьбе со СПИД» управления здравоохранения города Шымкент
AA+
ГККП «Центр по профилактике и борьбе со СПИД» управления здравоохранения города Шымкент
управления здравоохранения города Шымкент

Адрес:

Г. Шымкент, ул. Кремлевский 10/11

Приемная: 

7(725) 2-56-27-70

Электронная почта

aidis-shm4@mail.ru

Вход или Регистрация

ГККП «Центр по профилактике и борьбе со СПИД» управления здравоохранения города Шымкент
ГККП «Центр по профилактике и борьбе со СПИД» управления здравоохранения города Шымкент
управления здравоохранения города Шымкент
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт

Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы көптеген нысаналы индикаторларға қол жеткізгенін көрсетеді. Атап айтқанда: 15-49 жас тобында АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші 0,32 пайыз % шегінде ұстау индикаторы 2026 жылдың 6 айында 0,26 пайыз% құрады.

2025 жылмен салыстырғанда АИТВ-ның парентералды жолмен жұғу үлесі 7,2 %-дан 3,5 %-ға дейін төмендеді.
Сонымен қатар, инъекциялық есірткі қолданушыларды антиретровирустық терапиямен қамту көрсеткіші нысаналы индикаторы 93% болған кезде (97%-ды құрады). 

Антиретровирустық терапияның тиімділігі нысаналы индикатор 92% болғанда, (94%-ды құрады).

ЖИТС орталығында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында АИТВ – мен өмір сүретін адамдар арасында профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Жылдың басында қала бойынша АИТВ-мен өмір сүретіндердің статистикалық мәліметтері талданды, АИТВ-ға тестілеуді және жанасуға дейінгі профилактиканың (ЖДП) қамтуын арттыру үшін негізгі мақсаттар анықталды. АИТВ, AРT және ЖДП бойынша тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде АИТВ-ға тестілеу көлемінің артуына әкеліп, жанасуға дейінгі профилактикамен 677адам қамтылды. Сондай-ақ, 9 жастар денсаулық сақтау орталығының және қылмыстық-атқару жүйе басшыларының өкілдерімен ведомствоаралық кездесулер, ЖИТС орталықтарында және емханаларда ерікті түрде тегін тексерілу мүмкіндіктері қарастырылды. Нәтижесінде, 2026 жылдың бірінші жартысында жүргізілген АИТВ-ға тестілеу саны - 198 762-ні құрады.

Сонымен қатар, орталықта жүкті әйелдермен жұмыс ерекше бақылауда. Анадан балаға АИТВ жұғуын болдырмау үшін арнайы бағдарламалар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, 2026 жылдың 6 айында АИТВ-мен өмір сүретін аналардан 14 дені сау балалар дүниеге келді.
Автор: Э.С. Ахмедова ЖИТС орталығының журналисі